Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 677 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 469 қаулысының 2-тармағы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 105 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 3-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау туралы" 2021 жылғы 8 шiлдедегi № 469 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 183 қаулысы.
