"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазакстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 10 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілсін.
2. Мыналардың:
1) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 43 "Қызыл таң" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Мыңжасар Маңғытаев атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауылдық округтері аумағында орналасқан "Шошқакөл" көлінің атауы "Жетікөл" көлі болып өзгертілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
