"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:
1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 35 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нәзір Төреқұловтың есімі;
2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 51 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұстафа Шоқайдың есімі;
3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 53 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;
4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 54 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ақселеу Сейдімбектің есімі;
5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 61 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қаныш Сәтбаевтың есімі;
6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 67 гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Ілияс Есенберлиннің есімі;
7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 74 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Мұқағали Мақатаевтың есімі;
8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 78 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Смағұл Сәдуақасұлының есімі;
9) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 86 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұхтар Әуезовтің есімі;
10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 90 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қайым Мұхамедхановтың есімі;
11) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік академиялық филармония" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілсін.
2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Nomad City Hall" (Номад Сити Холл) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атауы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
