"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу арқылы заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы "Байқоңыр" кешенінің Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кірмеген және одан шығарылған объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету және ұтымды пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш-зымыран қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.10.2025 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
