Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 151 қаулысына |
|
| қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж. № 87-88, 629-құжат).
2. "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 632-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 886 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 453-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 27-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 21, 170-құжат).
5. "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы № 516 қаулысы (Электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі 2018 жылғы 27 тамызынан).
