Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 603 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 523-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 42, 372-құжат).
3. "Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және оларға қарсы күрес қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 952 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 874-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат).
