Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "КИМЭП университеті" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 898 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"КИМЭП университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін тікелей атаулы сату туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "КИМЭП университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 40 (қырық) проценті мөлшеріндегі мемлекеттік акциялар пакетін "Бэнгтің білім беру қоры" қоғамдық қорына (бұдан әрі – стратегиялық инвестор) тікелей атаулы сату жүзеге асырылсын.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 2020 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде жылына түлектердің орташа саны 500 (бес жүз) адамнан кем болмауын қамтамасыз ету;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредиторлық берешекті өтеу;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
