Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 596 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.";
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.06.2025 № 415 қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.06.2025 № 415 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |