Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы";
27-тармақ алып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімдері";
мынадай мазмұндағы 38-1, 38-2, 38-3, 38-4 және 38-5-тармақтармен толықтырылсын:
"38-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директоры және оның орынбасарлары
38-2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы және оның орынбасарлары
38-3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшілері
38-4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшілері
38-5. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары";
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе:* - күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша, ал Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісу бойынша жүргізіледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
