Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
"Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 17 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 29-30, 186-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
5-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының Президенті алдында Ұлттық комиссияның жұмысы туралы жыл сайын, бірақ есепті кезеңнен кейінгі 1 наурыздан кешіктірмей есеп береді.";
5) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұлттық комиссияның жұмысы қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей Комиссияның төрағасы айқындайтын мерзімдерде отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырылады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
