"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:
1) Талғар ауданы әкімдігінің "Талғар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 7 жалпы білім беретін лицей орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының;
2) "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Қасым Қайсеновтің;
3) "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Ахмет Жұбановтың;
4) "Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ынтымақ ауылындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағындық Оспановтың;
5) "Райымбек ауданы Әкімінің аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Баққожа Мұқайдың есімдері берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "А.В. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясы, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Соцжол орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Панфилов ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Петропавловск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Сарқан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ақтұма орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Тополевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Теректі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Сарқан аудандық білім бөлімінің Пограничник орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Сарқан ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Жетісу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
