Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 278 қаулысы.

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік (бұдан әрі – мүлік) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансынан республикалық меншіктен Түркістан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2025 № 681 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Түркістан облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 278 қаулысына
қосымша

Республикалық меншіктен Түркістан облысының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі

Р/с

Объектілердің атауы

Негізгі параметрлері

1

Бөген өзеніндегі Бөген су қоймасы

көлемі – 370 млн.м3

2

Түркістан магистралды каналы

ұзындығы – 142 км

3

Қарашық өзеніндегі Қосқорған су қоймасы

көлемі – 37,3 млн.м3

4

Арыс магистралды каналы

ұзындығы – 59,7 км

5

Қараспан магистралды каналы

ұзындығы – 24 км


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады