Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Түркістан қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Түркістан қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағын құрсын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
