2018 жылы ХІ Астана экономикалық форумының тиімді ұйымдастырылуын және өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ХІ Астана экономикалық форумын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген |
ХІ Астана экономикалық форумын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушы | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | ХІ Астана экономикалық форумын (бұдан әрі - форум) ұйымдастыру және өткізу бойынша келісілген консультантпен ("GVA Қазақстан" ЖШС) шарттар жасасу | шарттар | 2018 жылғы сәуір | "ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) |
3,1 млрд. теңгеден аспайтын сомаға республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражат, оның ішінде 540 млн. теңгеден аспайтын сомаға кешенді сүйемелдеу. |
2. | Форумға қатысушыларға шақыру хаттарын жіберу | шақыру хаттары | 2018 жылғы наурыз-сәуір | "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша) | талап етілмейді |
3. | Ұйымдастыру комитетінің форум тұжырымдамасы мен архитектурасын бекітуі |
форум тұжырымдамасы | 2018 жылғы сәуір |
ҰЭМ, | талап етілмейді |
4. | Ақылы негізде шақырылатын спикерлерді, модераторларды келісу | ҰЭМ мақұлдау хат | 2018 жылғы наурыз-сәуір | "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша), "ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша) | талап етілмейді |
5. | Спикерлермен, модераторлармен шарттар жасау | шарттар | 2018 жылғы сәуір |
"GVA Қазақстан" ЖШС (келісу бойынша), | республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражат |
6. | Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және дөңгелек үстел бағдарламасын келісу | Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және дөңгелек үстел бағдарламасы | 2018 жылғы сәуір |
ҰЭМ, | талап етілмейді |
7. | Форум бағдарламасын келісу | Ұйымдастыру комитетімен келісілген форум бағдарламасы | 2018 жылғы сәуір |
ҰЭМ, | талап етілмейді |
8. | Форумды өткізу | іс-шара | 2018 жылғы 17,18,19 мамыр |
ҰЭМ, | республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар |
9. | Қорытынды есептерді қабылдау | көрсетілген қызметтерді қабылдау актісі | 2018 жылғы шілде-тамыз |
ҰЭМ, | талап етілмейді |
10. | Форум қорытындылары бойынша ұсынымдар дайындау | форум қорытындылары бойынша ұсынымдар | 2018 жылғы маусым |
"GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша), | республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражат |
11. | Қазақстан Республикасының Үкіметіне форум қорытындылары және онда берілген ұсынымдар туралы хабарлау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне хат | 2018 жылғы шілде |
ҰЭМ, | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰЭМ | – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ | – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
"ЭЗИ" АҚ | – "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы |
"ҚЭБҚ" КҚ | – "Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры" корпоративтік қоры |
"GVA Қазақстан" ЖШС | – "GVA Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
