Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1397 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бағанда:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген реттік нөмірі 4-жолдағы "11243" деген сандар "10728" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген реттік нөмірі 8-жолдағы "10724" деген сандар "9517" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:" деген реттік нөмірі 11-жолдағы "4220" деген сандар "3951" деген сандармен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 553-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:

      "23. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

      24. Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады