"Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 826 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.

      "Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 798 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi санында:

      "Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген 2-бағанда:

      "Алматы" деген жолдағы "4058" деген сандар "3976" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Алматы қаласы" деген жолдағы "1203" деген сандар "1361" деген сандармен ауыстырылсын;

      "ЖИЫНЫ" деген жолдағы "42235" деген сандар "42311" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады