Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2017 № 238 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 153-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесінде:
көрсетілген ережеге 1, 2-қосымшалар осы қаулыға 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С.Ахметов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 969 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысымен бекітілген |
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі
Р/с № | Әмбебап қызметтердің атауы | Қолжетімділік деңгейі |
1 | 2 | 3 |
1. | Жергілікті телефон байланысы қызметтері | Елді мекендерде* жеке** және/немесе ұжымдық*** қолжетімділік ұйымы |
2. | Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке** сымсыз қолжетімділік қызметтері (01.01.2015 жылдан бастап кемінде 1536 Кбит/с) | Елді мекендерде*: 2013 жылы аудан орталығы мәртебесі бар және одан жоғары; 2014 жылы тұрғындар саны 3000 және одан да көп; 2015 жылға қарай барлық елді мекендерде* |
3. | Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық*** қолжетімділік қызметтері | Елді мекендерде*: 2013 жылы тұрғындар саны 3000 және одан да көп; 2014 жылы тұрғындар саны 1000 және одан да көп; 2015 жылға қарай барлық елді мекендерде* |
Ескертпе:
* Елді мекен "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес айқындалады.
** Жеке қолжетімділік:
1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін абоненттік желіні телефон желісіне қосу арқылы іске асырылады;
2) Интернет желісіне сымсыз қолжетімділік қызметін көрсету үшін абоненттік құрылғыны ұсынумен сымсыз арнайы ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
*** Ұжымдық қолжетімділік:
1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін мынадай тәсілдердің бірімен іске асырылады:
таксофондарды орнату;
осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі еңбек туралы заңнамаға сәйкес айқындалады);
2) Интернет желісіне ұжымдық қолжетімділік қызметтерін көрсету үшін осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру арқылы (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес айқындалады) іске асырылады.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 969 қаулысына 2-қосымша Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне 1-қосымша |
Телекоммуникацияның жеке қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы
20__жылғы____тоқсандағы деректер
Оператор жұмысының өңірі | Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы | Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде | Нақты кірістер, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жергілікті телефон байланысы қызметтері | |||
Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері | |||
Барлығы: | |||
Оператор _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. ___________________
Телекоммуникацияның ұжымдық қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы
20___жылғы_______тоқсандағы деректер
Оператор жұмысының өңірі | Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы | Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде | Нақты кірістер, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Жергілікті телефон байланысы қызметтері | |||
Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық қолжетімділік қызметтері | |||
Барлығы: | |||
Оператор _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. ______________________
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 969 қаулысына 3-қосымша Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесіне 2-қосымша |
Операторға жеке қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы
20__жылғы_____тоқсанға арналған ведомость
Оператор жұмысының өңірі | Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы | Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны, теңге | Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде | Шығыстар, мың теңге (3*4) | Нақты кірістер, мың теңге | Субсидиялар мөлшері, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жергілікті телефон байланысы қызметтері | ||||||
Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығы мен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері | ||||||
Субсидиялар мөлшерінің жиыны, мың теңге | ||||||
Уәкілетті орган _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә.______________
Операторға ұжымдық қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы
20__жылғы____тоқсанға арналған ведомость
Оператор жұмысының өңірі | Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы | Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны, теңге | Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде | Шығыстар, мың теңге (3*4) | Нақты кірістер, мың теңге | Субсидиялар мөлшері, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жергілікті телефон байланысы қызметтері | ||||||
Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығы мен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері | ||||||
Субсидиялар мөлшерінің жиыны, мың теңге | ||||||
Уәкілетті орган _______
Уәкілетті адамның Т.А.Ә.__________
