Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2025 № 655 қаулысымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған прокуратура органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С.Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 916 қаулысымен бекітілген |
Прокуратура органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдары заттай нормаларының табелі
Р/с № | Атауы | Арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары (жеңіл автомобильдер базасында) | Арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары (жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 15 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | - |
2 | Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 10 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | - |
3 | Жедел-іздестіру қызметінде заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 6 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | - |
4 | Соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 9 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | - |
5 | Арнаулы прокурорлар бөлімшесі | Бөлімшенің 6 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | Жылжымалы криминалистік зертхана |
6 | Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдар құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 6 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | |
7 | Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 6 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | - |
8 | Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 9 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | - |
9 | Өзге де жедел бөлімшелер | Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына бір көлік құралы | - |
10 | Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімше | Бір көлік құралы | - |
11 | Ішкі бақылау бөлімшесі | Бір көлік құралы | - |
12 | Жалпы пайдаланудағы көлік құралдары | Бір көлік құралы | Орта немесе шағын сыныпты бес жолаушылар автобусы; шағын тонналы бір жүк автомобилі |
13 | Бас прокуратураның, ведомстволары мен мекемелері, сондай-ақ Бас прокуратураның Алматы қаласындағы өкілдігі | Бір көлік құралы | Шағын тонналы бір жүк автомобилі |
Прокуратураның аумақтық органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнаулы көлік құралдары заттай нормаларының табелі
Р/с № | Атауы | Арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары (жеңіл автомобильдер базасында) | Арнаулы көлік құралдарының заттай нормалары (жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустарының шассилерінде) | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралар | ||||
1 | Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы | - | |
2 | Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы | - | |
3 | Жедел-іздестіру қызметінде заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 5 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы | - | |
4 | Соттарда мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы | - | |
5 | Арнаулы прокурорлар бөлімшесі | Тергеу топтарының басшылары үшін бір көлік құралы | Жылжымалы криминалистік зертхана | |
6 | Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы | - | |
7 | Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және қылмыстық істер бойынша мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі бөлімше | Бөлімшенің 8 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы | - | |
8 | Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімше | Бір көлік құралы | - | |
9 | Өзге де жедел бөлімшелер | Бөлімшенің 7 бірліктен тұратын штат санына есептегенде бір көлік құралы | - | |
10 | Жалпы пайдаланудағы көлік құралдары | Бір көлік құралы | Шағын тонналы бір жүк автомобилі | |
11 | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бөлімшелері | Бір көлік құралы | - | |
Аудандардың (қалалардың) прокуратуралары және оларға теңестірілгендер | ||||
1 | Аудандардың (қалалардың) прокуратуралары және оларға теңестірілгендер | Саны 35 қызметкер болған кезде бір көлік құралы | - | |
Мамандандырылған прокуратуралар | ||||
1 | Түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура | Бір көлік құралы | - | |
2 | Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы | - | "Өзен-Теңіз" сыныбындағы бір катер |