Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2026 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 9-тармағына және 80-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2026 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2026 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2026 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 9-тармағына және 80-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік орган) қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін белгілейді.
2. Біржолғы өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) арнаулы мемлекеттік орган қызметкеріне (бұдан әрі – қызметкер) немесе оны алуға құқығы бар адамға:
1) қызметкер арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет (бұдан әрі – қызмет) өткеріп жүрген кезеңде немесе қызмет өткерген кезеңде жаралануы (контузия алуы), науқастануы салдарынан қызметтен кеткеннен кейiн қаза тапқан (қайтыс болған);
2) қызметкер қызмет өткерген кезеңде оған мүгедектік белгіленген немесе қызмет өткеруіне байланысты контузия алуы, мертігуі, науқастануы салдарынан қызметтен кеткеннен кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектік белгіленген;
3) қызметкер қызмет міндеттерін атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған жеңіл немесе ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайларда төленеді.
3. Өтемақы қызметкерге немесе оны алуға құқығы бар адамға Заңның 77-бабының 10-тармағында және 80-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда төленбейді.
2-тарау. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған), оларға мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда өтемақы төлеу тәртібі
1-параграф. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшін құжат тапсыру тәртібі
4. Қызметкер қызмет өткеріп жүрген кезеңде немесе қызмет өткерген кезеңде жаралануы (контузия алуы), ауруы салдарынан қызметтен кеткеннен кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерінің тұрғылықты жеріндегі арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр аппараты аталған адамдарды мынадай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша түрде 10 (он) жұмыс күні ішінде хабардар етеді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініш;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен берілген мұрагерлікке құқық туралы куәлік;
4) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттардың бірінің көшірмесі: Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдік төлқұжат, туу туралы куәлік (кәмелетке толмаған мұрагерлер үшін).
"Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қолжетімділік болса, арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр аппараты жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады;
5) әрбір мұрагердің ағымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтер;
6) қайтыс болу себебі және науқасының диагнозы туралы патологиялық-анатомиялық қорытындының немесе егер сот-медициналық сараптама немесе патологиялық-анатомиялық диагностика жүргізілген болса, сот-медициналық сараптама қорытындысының көшірмелері;
7) мұрагердің өзінің өтініш беруі мүмкін болмаған кезде өтемақы төлеуге өтініш беруге, сондай-ақ оны алуға өкілеттік берілгені көрсетіліп, нотариат куәландырған сенімхат.
5. Арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр аппараты осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін мынадай құжаттарды сұратады және жасайды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің оқиға болған сәттегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы қызмет өткерген кезеңі көрсетілген, өтемақы алуға құқық беретін анықтама, сондай-ақ қызметкерді мекеме (бөлімше) жеке құрамының тізімінен шығару туралы уәкілетті басшының бұйрығынан үзінді-көшірме;
2) қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) себептері мен мән-жайын қызметтік тексеру материалдары;
3) қызметтен кеткеннен кейін қайтыс болған адамдарға қатысты қызмет өткеріп жүрген кезеңде мертігуі (жаралануы, жарақат, контузия алуы) немесе науқастануы қайтыс болуына себеп болғанын растайтын әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының қорытындысы.
2-параграф. Қызметкерге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі
6. Қызметкерге мүгедектік белгіленсе және ол қызмет өткеріп жүрген кезеңде алынған болса:
1) ол қызмет орнына мыналарды ұсынады:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініш;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
2) арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр аппараты:
мүгедектікке әкеп соққан контузия, мертігу, науқастануы қызмет өткеріп жүрген кезеңде туындағанын растайтын әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясы қорытындысының (қаулысының) көшірмесі;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің оқиға болған сәттегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы қызмет өткеру кезеңі көрсетілген, өтемақы алуға құқық беретін анықтама.
7. Қызметкер қызмет өткеріп жүрген кезеңде контузия алса, мертіксе, науқастанса, қызметтен кеткен күннен бастап бiр жыл өткенге дейін солардың салдарынан мүгедектiк белгіленсе, арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр аппараты осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды жинайды, сондай-ақ қызметкерді мекеменің (бөлімшенің) жеке құрамының тізімінен шығару туралы уәкілетті басшының бұйрығынан үзінді-көшірме жасайды.
3-параграф. Қызметкер жеңіл немесе ауыр мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) және ол мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда өтемақы төлеу үшін қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі
8. Қызметкер қызмет міндеттерін атқару үстінде жеңіл немесе ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) және ол мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда:
1) ол қызмет орнында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініш береді;
2) арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр аппараты мыналарды сұратады және жасайды:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің оқиға болған сәттегі ақшалай қаражаты мөлшері туралы қызмет өткеру кезеңі көрсетілген, өтемақы алуға құқық беретін анықтама;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мертігуінің (жаралануының, жарақатының, алған контузиясының) ауырлық дәрежесі (ауыр немесе жеңіл) туралы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының анықтамасы;
қызмет міндеттерін орындау кезінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) фактісін растайтын қызметтік тергеп-тексеру материалдары.
4-параграф. Өтемақы төлеу тәртібі
9. Өтініш берушінің қызмет орнындағы арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр аппараты өтемақы алушыдан осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қоса өтініш алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы мекеменің қаржы бөлімшесіне өтемақыны төлеу үшін жібереді.
Өтемақы төлеуге арналған құжаттарды толық алмаса кадр, аппараты өтініш түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Құжаттар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың толық еместігі туралы хабарлама болмаған кезде құжаттар толық көлемде қабылданды деп есептеледі. Өтініштің арнаулы мемлекеттік органда (мекемеде) тіркелген күні оның түскен күні болып есептеледі.
10. Арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің қаржы бөлімшесі кадр бөлімшесі ұсынған материалдарға сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде заңнамада белгілеген тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім жасайды және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын қарау және тиісті өзгерістер енгізу үшін арнаулы мемлекеттік органның қаржы бөлімшесіне жібереді.
Арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің қаржы бөлімшесі мекеменің міндеттер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу рәсімі жүргізілгеннен кейін алушыға өтемақы төлеуді жүргізеді.
11. Арнаулы мемлекеттік орган (мекеме) өтемақы төлеуге өтініш алған күннен бастап бір ай ішінде оны Заңның 77 және 80-баптарында көзделген жағдайларда және мөлшерде оны төлейді.
12. Заңда көзделген, өтемақы төленбейтін жағдайларда арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) құрылымдық бөлімшесі өтініш берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтемақы төлеуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді хабарлама жібереді.
13. Өтемақыны аудару мемлекеттік қазынашылық аумақтық органдары арқылы алушының тұрғылықты жеріндегі екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарына жүзеге асырылады.
Өтемақы төлеу және оларды аударғаны үшін банктің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
14. Кәмелетке толмаған алушыға өтемақы төлеу құжаттар түскен сәттен бастап бір ай ішінде тұрғылықты жеріндегі екінші деңгейдегі банкте ашылған кәмелетке толмаған алушының не қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсаты болса заңды өкілінің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі, онымен бір мезгілде бұл туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкілдеріне хабарланады.
15. Алушыға өтемақы аударылғаннан кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналында күні, өтемақы сомасы және төлем құжатының нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.
16. Өтемақы төлеу бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Өтемақы төлеуге өтініш
Сізден ____________________________________________________
байланысты (болған оқиғаның сипаты көрсетіледі)
маған өтемақы төлеуді сұраймын.
Бұған дейін ________________________________________ байланысты өтемақы
(болған оқиғаның сипаты көрсетіледі)
_________________________________________ (алдым, алған жоқпын)
Тиесілі өтемақы төлемін:
_____________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, алушының тұрғылықты мекенжайы)
Банк мекемесінің №____________________________________________
Филиал №____________________________________________________
Ағымды шот______________________________
______________________________________ атына аударуды сұраймын
Т.А.Ә. (бар болса)
Алушының ЖСН ______________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. ______________________________________
2. ______________________________________
3. ______________________________________
4. ______________________________________
5. ______________________________________
6. ______________________________________
____ жылғы "__" _____ Өтініш беруші ______ (жылы) (күні) (айы) қолы Т.А.Ә.
(бар болса)
М.О. Бастық _____________________________ қолы Т.А.Ә. (бар болса)*
*қолы қызметкер жеңіл немесе ауыр мертіккен (жаралану, жарақаттану, контузия) және ол мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда қажет
| Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Қызметкердің оқиға орын алған сәттегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтама
________________________________________________________________
(арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____ жылғы "___" _____ ____ жылғы "___" _____ аралығында (күні) (күні)
________________________________________________________________
(ведомствоның атауы және өтемақы төлемін алуына құқық беретін оқиға болған күні
____________________________________________________________ атқарған
лауазымы)
нақты қызмет атқаратыны (атқарғаны) жөнінде берілді.
__ жылғы "___" _________ ақшалай қаражаты_______________________
(өтемақы алуға құқық беретін болған оқиға күні)
___________________________ құрайды,
(сома жазбаша)
оның ішінде:
лауазымдық жалақысы: ________________________________
арнаулы атағы бойынша алатын айлықақысы _____________
жұмыстан кету себебі (егер кетсе): ______________________
____________________________________________________________
Анықтама қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектік белгіленген, мертіккен
жағдайда өтемақы тағайындау үшін берілді.
М.О.
Бастық _______________ _____________________ қолы Т.А.Ә. (бар болса)
Қаржы бөлімшесінің бастығы (бухгалтер) _______________ _______________
қолы Т.А.Ә. (бар болса)
| Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Мертігуінің (жаралуының, жарақатының, контузиясының) ауырлық (жеңіл немесе ауыр) дәрежесі туралы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының анықтамасы
_______________________________________________________________
(арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________қызметтік міндеттерін атқару үстінде
_______________________________________________________________
(жарақат алуының мән-жайы көрсетіледі)
_______________________________________________________________
(күні, айы, жылы) (ауыр немесе жеңіл жазбаша көрсетіледі)
жараланды, контузия алды, жарақаттанды немесе мертікті _______________,
(қажеті жоғын сызып тастау керек) (жарақат, контузия, зақымдану немесе мертігу
сипаты және орналасқан жері көрсетіледі)
осыған байланысты 20__ жылғы "__" __________20__ жылғы "___" ________
аралығында ол _____________________________________ емделуде болды.
(әскери-емдеу мекемесінің атауы көрсетіледі)
Анықтама қызметкер қайтыс болған жағдайда оған өтемақы тағайындау үшін берілді.
М.О. Әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы _________ _______________
қолы Т.А.Ә. (бар болса)
| Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы
Р/с № | Арнаулы атағы | Қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектік белгіленген, мертіккен (жараланған, жарақат, контузия, алған) қызметкердің Т.А.Ә. (бар болса) | Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкер мұрагерінің Т.А.Ә. (бар болса) | Түскен күні, кіріс № | Материал қайдан түсті | Залалды өтеудің себебі (қайтыс болу, мүгедектік, мертігу) | Өтемақы ның сомасы | Төлем құжатының № мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
