"Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 4 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы № 3 нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2026 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Нормативтік қаулыны "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. "Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы N 6 нормативтік қаулысына (1998 жылғы 15 мамырдағы және 2004 жылғы 18 маусымдағы өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бүкіл мәтін бойынша "ҚР" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ. Мәми

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Ж. Бәйішев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады