Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымының және жергілікті атқарушы органдарының штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы N 1294 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2025 № 480 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1654 Қаулысымен

      2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      "Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда:

      "Ақмола" деген жолдағы "3544" деген сандар "3628" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Ақтөбе" деген жолдағы "2665" деген сандар "2727" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Алматы" деген жолдағы "4171" деген сандар "4252" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Атырау" деген жолдағы "1720" деген сандар "1758" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "4481" деген сандар "4559" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Жамбыл" деген жолдағы "3014" деген сандар "3071" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Батыс Қазақстан" деген жолдағы "2586" деген сандар "2649" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қарағанды" деген жолдағы "3874" деген сандар "3938" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қостанай" деген жолдағы "3811" деген сандар "3900" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қызылорда" деген жолдағы "2035" деген сандар "2078" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Маңғыстау" деген жолдағы "1162" деген сандар "1223" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Павлодар" деген жолдағы "3179" деген сандар "3236" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Солтүстік Қазақстан" деген жолдағы "2998" деген сандар "3066" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Оңтүстік Қазақстан" деген жолдағы "4456" деген сандар "4539" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Алматы қаласы" деген жолдағы "1777" деген сандар "1789" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Астана қаласы" деген жолдағы "996" деген сандар "1011" деген сандармен ауыстырылсын;

      "ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "46469" деген сандар "47424" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) өз кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

      2) оларға Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың тиісті бөлімшелеріне ауыстыруды қамтамасыз ету ұсынылсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Орталық мемлекеттік органдар:

      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне үлгі құрылымға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген департаменттерінің (басқармалардың, бөлімдердің) ұсынылатын құрылымын жіберсін;

      2) тиісті құжаттамалық, ақпараттық, материалдық-техникалық базаның аумақтық бөлімшелерден жергілікті атқарушы органдарға берілуін қамтамасыз етсін;

      3) мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен әкімдіктердің құрылатын немесе қайта ұйымдастырылатын құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде тиісті түсіндіру жұмысын жүргізсін;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады