"Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамына: 
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Әсет Өрентайұлы Исекешевті; 
      Даму Банкінің президенті - Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты қайта сайлау ұсынылсын. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.03. N  229  қаулысымен. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі 
 
           
          
