"Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстанның Даму Банкi" (Бұдан әрi - Даму Банкi) акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына мыналар: 
      1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi - Әсет Өрентайұлы Исекешевтi Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау; 
      2) Даму Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамынан Асқар Ұзақпайұлы Маминдi шығару ұсынылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі 
 
           
          
