1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыста пешке жағылатын отыннан басқа дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 610 - 2710 00 690) 2001 жылғы 1 маусымға дейін шығаруға тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар
қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрі В.С. Школьникке жүктелсін.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.
