1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ұсынған "Павлодар алюминий зауыты" акционерлiк қоғамын, Торғай боксит кен басқармасын және Краснооктябрск боксит кен басқармасын санациялау бағдарламасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi:
заңда белгiленген тәртiппен "Ертiс" республикалық технологиялық
концернiн тарататын болсын;
концерннiң құрамында болған кәсiпорындардың басқарылуын оңтайлы
өтеу жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
