2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау мақсатында навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Одақ пен үшінші тарап арасындағы халықаралық шартта және (немесе) мүше мемлекеттердің аумағы арқылы осындай тасымалдаулар жүзеге асырылатын тиісті үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарда көзделген жағдайда, Келісімнің 2-бабының 2-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтары арқылы жүзеге асырылатын тауар тасымалы кезінде үшінші тараптардың аумақтарында қадағалау объектілерін тасымалдауды қадағалауға арналған навигациялық пломбалар қолданылады деп айқындалсын.
2. Осы Шешім оны ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты қолданылады.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
