Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйытылған көмірсутекті газдарды отын ретінде пайдалануға қойылатын талаптар" (ЕАЭО ТР 036/2016) жөніндегі техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау, сондай-ақ, техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы" 2017 жылғы 28 ақпандағы № 26 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 180 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
