2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 7202 93 000 0 кодымен сыныпталатын феррониобийге қатысты әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2028 жылғы 29 ақпанды қоса алғандағы мерзім аралығында кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 7202 93 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қатысты берілген ескертпедегі "81С)" сілтемесі "117С))" сілтемесімен алмастырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қатысты берілген ескертпелерде:
81С ескертпесі күшін жойған деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 117С ескертпесімен толықтырылсын:
"117С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 7 шешімі күшіне енген күннен бастап 29.02.2028 қоса алғандағы мерзім аралығында қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |