Табиғи кальций фосфаттарына, табиғи алюминий-кальций фосфаттарына және ұнтақталған фосфат борына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 2510 20 000 0 кодымен сыныпталатын, табиғи кальций фосфаттарына, табиғи алюминий-кальций фосфаттарына және ұнтақталған фосфат борына қатысты әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2028 жылғы 29 ақпанды қоса алғандағы мерзімде кедендік құнның 0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 2510 20 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қатысты ескертпеде берілген "83С)" сілтемесі "116С)" сілтемесімен алмастырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қатысты берілген ескертпелерде:

      83С ескертпесі күшін жойған деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 116С ескертпесімен толықтырылсын:

      "116С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімі күшіне енген күннен бастап 29.02.2028 қоса алғандағы мерзім аралығында қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады