Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне картопқа қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 35 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.79-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.79. ЕАЭО СЭҚ ТН 0701 90 кодымен сыныпталатын, Қазақстан Республикасына 150 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін, бөлшек саудада өткізуге (сатуға) арналған картоп.

      Көрсетілген тарифтік жеңілдік әкелінетін тауарларды осы тармақшаның бірінші абзаында көрсетілген тауарларға жатқызу туралы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген және осындай тауарлардың номенклатурасы мен саны туралы, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын растау болған жағдайда ұсынылады.

      Көрсетілген тарифтік жеңілдікті қолданумен ішкі тұтынуға шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды өткізуге (сатуға) бөлшек сауданы жүзеге асыратын және кейіннен бөлшек саудада өткізу (сату) үшін Қазақстан Республикасында тіркелген тұлғаларға рұқсат етіледі.

      Тұлғаларды осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі – нысаналы алушылар) жатқызу критерийлері немесе нысаналы алушылардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалуы мүмкін.

      Көрсетілген тарифтік жеңілдікті қолданумен ішкі тұтынуға шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулер тауарлар бөлшек сауданы жүзеге асыратын нысаналы алушылардың қоймасына түскенге дейін, бірақ осындай тауарлар ішкі тұтынуға шығару кедендік рәсіміне сәйкес шығарылған күннен бастап күнтізбелік 1 жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

      Тауардың нысаналы алушының қоймасына түскенін немесе тауарлардың осындай нысаналы алушыларға берілгенін растайтын құжат осындай тауарды қабылдау актісі немесе қабылдау-тапсыру актісі болып табылады.

      Осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдік оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларды шығару туралы өтініш тауарларға арналған декларация берілгенге дейін Қазақстан Республикасының кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 35 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025 жылғы 30 маусымға дейін тіркелген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға қатысты ұсынылады.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.76-тармақшасында екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕАЭО СЭҚ ТН 0701 90 кодымен сыныпталатын, Ресей Федерациясына 300 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін картоп;".

      3. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағында "7.1.78" деген цифрлар "7.1.79" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
М. Григорян

Беларусь
Республикасынан
 
В. Караник

Қазақстан
Республикасынан
 
С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
 
Д. Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан
 
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады