Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне ауаны баптауға арналған қондырғылардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 20 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 4 және 132-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 84 тобына Еуразиялық экономикалық одақтың қосымша ескертпелері мынадай мазмұндағы 7-ескертпемен толықтырылсын:

      "7. 8415 20 000 2 қосалқы позициясындағы "бірыңғай корпуста" деген термин барлық элементтері бір корпуста, бір рамаға немесе бір платформаға біріктірілген ауаны баптауға арналған қондырғыларға (ауа баптағыштарға) жатады.

      "Бірыңғай корпуста" деген термин сондай-ақ ауаны баптауға арналған осы қондырғының (ауа баптағыштың) құрамына кіретін тоңазытқыш компрессоры бөлек орналасқан, яғни басқа элементтермен бір корпусқа, бір рамаға немесе бір платформаға біріктірілмеген ауаны баптауға арналған қондырғыға (ауа баптағыштарға) да қолданылады.";

      б) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позиция алып тасталсын;

      в) № 2 қосымшаға сәйкес кіші қосалқы позициялар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілсін;

      г) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін;

      д) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 100С ескертпемен толықтырылсын:

      "100С) Кедендік құнның 8% мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 20 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 28.02.2027 дейін қолданылады.".

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу баждары ставкаларын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8415 20 000 9 деген коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

"8415 20 000 2

– – – бірыңғай корпуста

"8415 20 000 8

– – – өзгелері".

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар ставкалары мөлшерінің тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8414 30 890 9 коды бар позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"8415 20 000 2

– – – бірыңғай корпуста

022";

      б) мынадай мазмұндағы 22-ескертпемен толықтырылсын:

      "22 Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасы 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қолданылады.".

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан


В. Григорян

Беларусь
Республикасынан


И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан


С. Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан


Д. Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан


А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 20 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлш. бірлігі

8415 20 000 9

– – өзгелері

дана

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 20 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қосымша өлш. бірлігі


– – өзгелері:*


8415 20 000 2

– – – бірыңғай корпуста

дана

8415 20 000 8

– – – өзгелері

дана

      _____________
      * ЕАЭО СЭҚ ТН 8415 20 000 1 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 21 ақпандағы
№ 20 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен, не евромен, не АҚШ долларымен)

8415 20 000 2

– – – бірыңғай корпуста

0100С)

8415 20 000 8

– – – өзгелері

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады