Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 21 ақпандағы № 17 шешімі.

      2019 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімнің 2 және 14-баптарын іске асыру мақсатында, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 154-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы" 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 1-тармақтың бірінші абзацындағы "2024 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2025 жылғы 30 маусым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 3-тармақтың үшінші абзацындағы "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп пилоттық жобаны жүргізу мерзімдерін одан әрі ұзартудың орынсыздығын негізге алсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп:

      қадағалау механизмінің тұрақты түрде жұмыс істеуін бастау туралы шешімнің жобасын дайындасын (2025 жылғы III тоқсандағы отырыс барысында) және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына ұсынсын;

      қадағалануы жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы шешімнің жобасын дайындасын (2025 жылғы III тоқсандағы отырыс барысында) және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына ұсынсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан
 
В. Григорян

Беларусь
Республикасынан
 
И. Петришенко

Қазақстан
Республикасынан
 
С.Жұманғарин

Қырғыз
Республикасынан
 
Д.Амангельдиев

Ресей
Федерациясынан
 
А. Оверчук


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады