2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7.1.6. Мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген халықаралық кемелер тізілімінде тіркелетін (тіркелген) жүзбелі кемелер.".
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелген кезде кедендік баждар төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Кеден одағы Комиссиясының 209 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.6-тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдік жүзбелі кемелерге қатысты оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет халықаралық кемелер тізбесінде тіркеген жағдайда ұсынылады.
Көрсетілген тарифтік жеңілдікді ұсыну шарттарын орындауды растайтын құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кемелердің халықаралық тізбесінде кемені тіркеу туралы куәлік немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кемелердің халықаралық тізбесінен үзінді (бұдан әрі – кемені тіркеуді растайтын құжат) болып табылады.
Жүзбелі кемені кедендік декларациялау кезінде кемені тіркеуді растайтын құжат болмаған жағдайда, мұндай құжат тауарларға арналған декларацияны тіркеу күнінен бастап күнтізбелік 45 күннен кешіктірмей, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларды шығару туралы өтініш тіркелген күннен бастап тауарларға арналған декларация берілгенге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылуы тиіс.
Кемені тіркеуды растайтын құжатты осы тармақтың үшінші абзацында белгіленген мерзімде ұсынбау тарифтік жеңілдікті ұсыну шарттарын бұзушылық болып табылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
2022 жылғы 28 наурыздан бастап осы Шешім күшіне енетін күнге дейін Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.6-тармақшасында белгіленген тарифтік жеңілдікті қолданумен кедендік рәсімімен орналастырылған және ЕАЭО СЭҚ ТН 8901 10, 8901 20, 8901 30, 8901 90, 8903 22 000 0, 8903 32 100 0, 8903 99 000 0, 8904 00, 8905, 8906 90 кодтарымен сыныпталатын кемелерге қатысты осы Шешімнің 2-тармағының ережелері қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссии Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |