Былғары аяқ киім өнеркәсібіне арналған жекелеген тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 137 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссиы Кеңесінің № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне келесі өзгерістер енгізілсін:

      а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан позициялар алып тасталсын;

      б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар қосылсын;

      в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:

      11С ескертпесінің күші жойылған деп танылсын;

      келесі мазмұндағы 109С ескертпесімен толықтырылсын:

      "109С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі 2025 жылғы 24 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 137 Шешімі күшіне енген күннен бастап 31.12.2028 қоса алғанда қолданылады.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ былғары-аяқкиім және химия өнеркәсібіне арналған жекелеген тауарларға қатысты Кеден одағы комиссиясының шешімдеріне және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  2025 жылғы "24" желтоқсандағы
Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
№ 137 Шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасынан алынып тасталынатын ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш. бірл.

2519 90 100 0

– – кальцийленген табиғи магний карбонатынан басқа магний оксиді

3209 90 000 0

– өзгелері

3403 11 000 0

– – тоқыма материалдарын, былғарыны, аң терісін немесе өзге де материалдарды өңдеуге арналған құралдар

3403 91 000 0

– – тоқыма материалдарын, былғарыны, аң терісін немесе өзге де материалдарды өңдеуге арналған құралдар

4002 19 200 0

– – – ерітіндіде полимерлеу арқылы алынатын бутадиен мен стиролдың блок-сополимері (SBS, термоэластопласт), түйіршіктер, ұнтақталған түр немесе ұнтақ түрінде

  2025 жылғы "24" желтоқсандағы
Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
№ 137 Шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын ПОЗИЦИЯЛАР

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Қос. өлш. бірл.

2519 90 100

– – кальцийленген табиғи магний карбонатынан басқа магний оксиді:


2519 90 100 1

– – – былғары-аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

2519 90 100 9

– – – өзге

3209 90 000

– өзгелері:


3209 90 000 1

– – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

3209 90 000 9

– – өзгелері

3403 11 000

– – тоқыма материалдарын, былғарыны, аң терісін немесе өзге де материалдарды өңдеуге арналған құралдар:


3403 11 000 1

– – – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

3403 11 000 9

– – – өзгелері

3403 91 000

– – тоқыма материалдарын, былғарыны, аң терісін немесе өзге де материалдарды өңдеуге арналған құралдар:


3403 91 000 1

– – – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

3403 91 000 9

– – – өзгелері

4002 19 200

– – – ерітіндіде полимерлеу арқылы алынатын бутадиен мен стиролдың блок-сополимері (SBS, термоэластопласт), түйіршіктер, ұнтақталған түр немесе ұнтақ түрінде:


4002 19 200 1

– – – – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

4002 19 200 9

– – – – өзге

  2025 жылғы "24" желтоқсандағы
Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
№ 137 Шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

СЭҚ ТН коды

Позицияның атауы

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құннан пайызбен не еуромен, не АҚШ долларымен)

2519 90 100 1

– – – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

5109С)

2519 90 100 9

– – – өзге

5

3209 90 000 1

– – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

6,5109С)

3209 90 000 9

– – өзгелері

6,5

3210 00 900 1

– – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

5109С)

3402 90 100 2

– – – – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

6,5109С)

3403 11 000 1

– – – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

5109С)

3403 11 000 9

– – – өзгелері

5

3403 91 000 1

– – – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

5109С)

3403 91 000 9

– – – өзгелері

5

4002 19 200 1

– – – – былғары аяқкиім өнеркәсібі үшін5)

5109С)

4002 19 200 9

– – – – өзге

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады