Санитариялық, ветеринарлық-санитариялық және карантиндік фитосанитарлық шараларды қолдану туралы Хаттаманың 17-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 12 қосымша) және 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2011 жылғы 7 сәуірдегі Кеден одағы комиссиясының № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын бал араларына, түкті араларға және жоңышқа жапырақкескіш араларының пілләлеріне, шегірткелерге, энтомофаг жәндіктерге арналған ветеринариялық сертификаттың нысанының (№ 18 нысан) 4.1-тармағының бірінші абзацы "кене" сөзінен кейін ", тропилелапсоз" сөзімен толықтырылсын.
2. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес дайындалған, № 18 нысан бойынша осы Шешім күшіне енгенге дейін шығарылған ветеринариялық сертификаттардың бланкілері 2026 жылғы 1 наурызды қоса алғанға дейін қолданылады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
