2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 1207 99 960 1 және 1212 99 950 1 кодтарымен сыныпталатын жаңғақтардың, дәндердің және жеміс сүйектерінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта кедендік құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің № 80 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 1207 99 960 1 және 1212 99 950 1 кодтары бар позицияларында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертудегі "62С)" сілтемесі "115С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
62С ескертпесінің күші жойылды деп танылсын;
келесі мазмұндағы 115С ескертпесімен толықтырылсын:
"115С) Кедендік құнының 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы 2025 жылғы 2 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 113 Шешімі күшіне енген күннен бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларына қарағанда төмен болып табылатын жекелеген жаңғақтар мен дәндердің түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждарының ставкалары және олардың мөлшерлері қолданылатын тауарлар тізбесіне өзгеріс енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енетін күннен бұрын емес күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
