Кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 107 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 105 бабының 2 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 4 шешімімен бекітілген Кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2026 жылғы 1 сәуірден ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 26 қарашадағы
№ 107 шешіміне
ҚОСЫМША

Кедендік құн декларациясының құрылымы мен форматына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 1-кестеде:

      а) 3-жолдың 3-бағанындағы "1.5.0" сандары "1.6.0" сандарымен ауыстырылсын;

      б) 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "urn:EEC:R:038:CustomsValueDeclaration:v1.6.0";

      в) 6-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "EEC_R_038_CustomsValueDeclaration_v1.6.0.xsd".

      2. 3-кестеде:

      а) 5.3-жолдың "Деректер түрі" бағанындағы "M.CA.SDT.00118" белгісі "M.SDT.00325" белгісімен ауыстырылсын;

      б) 6-жолдың "Деректер түрі" бағанындағы "M.CA.SDT.00201" белгісі "M.SDT.00219" белгісімен ауыстырылсын;

      в) 14.15-жолдың "Деректеме сипаттамасы" бағанындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлік, кеден тасымалдаушылары тізіліміне енгізілгені туралы куәлік, электрондық сауда операторлары тізіліміне енгізілгенін растайтын құжат (электрондық сауда операторлары тізіліміндегі тіркеу нөмірі) немесе кеден өкілдері тізіліміне енгізілгені туралы куәлік (кеден өкілдері тізіліміндегі тіркеу нөмірі)".

      г) 17.3.3.3, 18.16.3.3 және 19.3.3-позицияларда "Деректер түрі" бағанындағы "M.CA.SDT.00118" белгісі "M.SDT.00325" белгісімен ауыстырылсын.

      д) 20.1.4-жолда "Көптік" бағанындағы "1" саны "0..1" сандарымен ауыстырылсын.

      3. 5-кестеде 1 және 2-позицияларда "Мәндер ауқымы" бағанындағы "сәйкес" сөздерінен кейін мәтін "стандарттар сериясымен" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 7-кестеде:

      а) 29-жолдың "Атауы" бағанындағы "Коммуникациялық тип" сөздері "Коммуникациялық түр" сөздерімен ауыстырылсын;

      б) 341 және 342-жолдармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "

341

M.SDT.00219

EDocIndicatorCodeType

Электрондық құжаттың белгісі_ коды. Типі

электрондық құжатты ұсыну белгісінің кодтық белгіленуі.
Үлгі: (ЭД)|(ОО)

342

M.SDT.00325

CustomsDocumentIdType

Тіркеу журналы бойынша Кедендік құжаттың нөмірі_ сәйкестендіргіш. Типі

таңбалардың қалыпқа келтірілген жолы.
Мин.ұзындығы: 5.
Макс. ұзындығы: 7

      ".

      5. 9-кестедегі 5 және 16-позициялар алып тасталсын.

      6. 10-кестеде:

      а) 18.16.1-позицияның 10-бағанындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қосымша ақпарат түрінің коды (casdo:CVDAdditionalInformationKindCode)" деректемесі мына мәндердің бірін қабылдауы тиіс:

      1 – Кодекстің 39-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдаланылатын тексеру шамасы туралы мәліметтер;

      2 – әкелінетін тауарға қатысты нақты төленген немесе төленуге тиіс бағаға лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдердің жиынтық мөлшерін қосу туралы мәліметтер, мұндай тауар бойынша әкелу кедендік бажы ең жоғары адвалорлық мөлшерлеме (құрама мөлшерлеменің адвалорлық құрамдас бөлігі) негізінде төленетін немесе салық салудың ең жоғары деңгейі қолданылатын жағдайда;

      3 – әкелінетін тауардың кедендік құнына лицензиялық және өзге де ұқсас төлемдердің мөлшерінің енгізілмеуі туралы мәліметтер;

      4 – ДТС-1 нысанының 17 және 18-бағандарында көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыру шығындарының жиынтық мөлшерін әкелінетін тауар үшін нақты төленген немесе төленуге тиіс бағаға қосу туралы мәліметтер, мұндай тауар бойынша әкелу кедендік бажы ең жоғары адвалорлық мөлшерлеме (құрама мөлшерлеменің адвалорлық құрамдас бөлігі) негізінде төленетін немесе салық салудың ең жоғары деңгейі қолданылатын жағдайда;

      5 – ДТС-1 нысанының 17 және 18-бағандарында көрсетілген операцияларға байланысты сақтандыру шығындарының мөлшерінің әкелінетін тауардың кедендік құнына енгізілмеуі туралы мәліметтер;

      9 – өзге қосымша мәліметтер немесе есептеулер";

      б) 18.16.3-позицияның 10-бағанында "3" мәні деген сөздер "мына мәндердің бірі: "3", "5"" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады