Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 85 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 11 шешімімен бекітілген Қырғыз Республикасында Кеден одағының техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу тәртібінің IV бөліміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) екінші абзацтағы "2025 жылғы 12 тамыз" деген сөздер "2027 жылғы 12 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын, "2027 жылғы 1 қаңтар" деген сөздер "2029 жылғы 1 қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) үшінші абзацтағы "2025 жылғы 12 тамыз" деген сөздер "2027 жылғы 12 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) төртінші абзацтағы "2027 жылғы 1 қаңтар" деген сөздер "2029 жылғы 1 қаңтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) алтыншы абзацтағы "2026 жылғы 12 тамыз" деген сөздер "2028 жылғы 12 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын, "2025 жылғы 12 тамыз" деген сөздер "2027 жылғы 12 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінен:

      осы Шешім күшіне енген күннен бастап уәкілетті органдардың Қырғыз Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айналысқа шығарылған өнімге мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруын қамтамасыз ету;

      2029 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғыз Республикасының мұнай өңдеу кәсіпорындарының Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 826 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (КО TP 013/2011) талаптарына сәйкес келетін автомобиль бензині мен дизель отынын айналымға шығаруға көшуін көздейтін іс-шаралар кешенін жүргізуін қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2025 жылғы 12 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасы Төрағасының
міндетін атқарушы
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады