2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы" 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы |
Б. Сұлтанов |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 83 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 2-1-тармақтың он үшінші абзацындағы "өндірістік мақсаттағы" деген сөздер алып тасталсын.
2. Көрсетілген шешіммен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың II тарауының 19-бөлімінде:
а) атауындағы "өндірістік мақсаттағы" деген сөздер алып тасталсын;
б) 1-кіші бөлімдегі "өнеркәсіптік мақсаттағы" деген сөздер алып тасталсын;
в) 4.4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бөлшек саудада сатуға арналған мұздануға қарсы сұйықтықтардағы (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3820 00 000 0) метил спиртінің мөлшерінің (массалық үлесінің) 0,05% астам болуына жол берілмейді.";
г) мынадай мазмұндағы 4.5-тармақпен толықтырылсын:
"4.5. Метанолды лак-бояу материалдарының еріткіші ретінде пайдалануға жол берілмейді.".