2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ЕАЭО СЭҚ ТН 3823 70 000 0 кодымен сыныпталатын өнеркәсіптік майлы спирттерге қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2028 жылғы 31 қазанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 3823 70 000 0 коды бар позицияда Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертуге "56С)" деген сілтеме "106С)" деген сілтемемен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
56С деген ескертпенің күші жойылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 106С ескертпемен толықтырылсын:
"106С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 82 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.10.2028 дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы |
Б. Сұлтанов |