Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 76 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына міндетті сәйкестікті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 2-тармағының "а" тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Оған қатысты кедендік декларацияны беру Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсынумен сүйемелденетін өнімнің (бұйымдардың) тізбесін бекіту туралы" 2013 жылғы 31 қаңтардағы №11 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссияның жекелеген шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімінің жобасын мақұлдау туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы №140 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Оған қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 008/2011) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжат берумен бірге жүретін өнімнің (бұйымның) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 3 ақпандағы № 7 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне жүргізгіге және ойын шатырларына қатысты, сондай-ақ Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 12 мамырдағы № 50 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 9 ақпандағы № 18 шешімі.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 26 тамыздағы
№76 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын, кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде оған қатысты техникалық реттеу шараларын сақтау расталатын өнімдердің тізбесі

Өнімнің атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Сәйкестікті бағалау туралы құжат (сәйкестікті бағалау туралы құжат туралы мәліметтер)

Ескертпе

1

2

3

4

1. Балалар үшін мүсіндеуге арналған пластилинді қоса алғанда, мүсіндеуге арналған пасталар, оның ішінде мүсіндеуге арналған масса, мүсіндеуге арналған қамыр, полимерлі саз және балалар үшін мүсіндеуге арналған, атап айтқанда қалыптармен және мүсіндеуге қажетті өзге де керек-жарақтармен жиынтықтағы басқа да ұқсас өнімдер

3407 00 000 0

сәйкестік сертификаты

мыналарды қоспағанда:
"тіс дәрігерінің балауызы" немесе бөлшектеп сатуға арналған қаптамаларға немесе плиткалар түрінде, таға түрінде, кесек немесе ұқсас нысандарда қапталған тістердің құймаларын алу үшін қолданылатын құрамдар; гипс (кальцийленген гипс немесе кальций сульфаты) негізінде өзге де тіс дәрігерлік мақсаттарға арналған құрамдар

2. Баланың массасын көтеретін ойыншықтар, оның ішінде үш дөңгелекті велосипедтер, самокаттар, педальды автомобильдер, арбашалар және дөңгелекті ұқсас ойыншықтар; қуыршақ арбашалары

9403 70 000 2
9403 70 000 3
9503 00 100 1
9503 00 100 9

сәйкестік сертификаты


3. Тек адамдарды, олардың бөліктері мен керек-жарақтарын бейнелейтін қуыршақтар

9503 00 210 0
9503 00 290 0

сәйкестік сертификаты


4. Рельстерді, бағдаршамдарды және олардың өзге де керек-жарақтарын қоса алғанда, электрлік поездар; модельдерді кішірейтілген мөлшерде ("масштабта") құрастыруға арналған элементтер жиынтықтары

9503 00 300 0

сәйкестік сертификаты


5. Конструкторлық жиынтықтар және өзге де конструкторлық ойыншықтар

9503 00 350 0
9503 00 390 0

сәйкестік сертификаты


6. Жануарларды немесе адамдардан басқа тіршілік иелерін бейнелейтін ойыншықтар, соның ішінде жұмсақтары

9503 00 410 0
9503 00 490 0

сәйкестік сертификаты


7. Музыкалық ойыншық аспаптар мен құрылғылар

9503 00 550 0

сәйкестік сертификаты


8. 500 бөлікке дейінгі басқатырғыштар

9503 00 610 0
9503 00 690 0

сәйкестік сертификаты


9. Жиынтықтардағы немесе жинақталымдардағы өзге де ойыншықтар

9503 00 700 0

сәйкестік сертификаты


10. Кіріктірілген қозғалтқышы бар өзге де ойыншықтар мен модельдер

9503 00 750 0
9503 00 790 0

сәйкестік сертификаты


11. Өзге де ойыншықтар, оның ішінде өзге де электрлік ойыншықтар және ойын-сауыққа арналған ойыншықтар

9503 00 810 0
9503 00 850 0
9503 00 950 0
9503 00 990 1
9503 00 990 9

сәйкестік сертификаты


12. Балалар доптары

9503 00 990 9
9506 62 000 0
9506 69 900 0

сәйкестік сертификаты


13. Электрондық ойындар

9504 50 000 1
9504 50 000 2
9504 50 000 9

сәйкестік сертификаты


14. Жарысу ойындарына арналған электрлік жарыс автомобильдерінің жиынтығы

9504 90 100 0

сәйкестік сертификаты


15. Үстелүстілік немесе бөлмелік ойыншықтар (ойындар), барлық түрдегі карточкалық ойыншықтар (ойындар)

9504 40 000 0
9504 90 800 9

сәйкестік сертификаты


16. Мерекелерге, карнавалдарға арналған ойыншық бұйымдар және көңіл көтеруге арналған өзге де ойыншық бұйымдар, оның ішінде фокустар мен әзілдерді көрсетуге арналған заттар

9505 10 900 0
9505 90 000 0

сәйкестік сертификаты

мыналарды:
ойыншық болып табылмайтын және ойыншық арналған баланың ең төменгі жасын немесе баланың жасын білдіретін таңбалаудағы пиктограмманы қамтымайтын өнімді;
мерекелер мен салтанатты іс-шараларға арналған сәндік бұйымдарды;
кәдесый өнімдерін (адамның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған және баланың ойынына арналмаған бұйымдарды);
жаңа жылдық және рождестволық мерекелерге арналған шыныдан жасалған өнімдерді (бұйымдарды) қоспағанда

17. Балаларға арналған бассейндер, соның ішінде шарлары бар құрғақ бассейндер

9506 99 900 0

сәйкестік сертификаты

балаларға арналған бассейндерді, оның ішінде жалпыға ортақ пайдалану үшін қоғамдық орындарда орнатылатын шарлары бар құрғақ бассейндерді қоспағанда

18. Бояулар, соның ішінде саусақпен жағатын бояулар, гуашь, және басқа да ұқсас өнімдер

3213 10 000 0
3213 90 000 0

сәйкестік сертификаты

ойыншық болып табылмайтын және ойыншық арналған баланың ең төменгі жасын немесе баланың жасын білдіретін таңбалаудағы пиктограмманы қамтымайтын өнімді (бұйымдарды) қоспағанда

19. Балалар үшін үйде қолдануға арналған батуттар

9506 99 900 0

сәйкестік сертификаты

мыналарды:
спорттық батуттар мен аттракцион болып табылатын батуттарды;
жалпыға ортақ пайдалану үшін қоғамдық орындарда орнатылатын балаларға арналған батуттарды қоспағанда

20. Қарындаштар, маркерлер, фломастерлер, қылқаламдар және басқа да ұқсас бұйымдар

9603 30 100 0
9608 20 000 0
9608 50 000 0
9608 99 000 9
9609 10 100 0
9609 10 900 0
9609 20 000 0
9609 90 100 0
9609 90 900 0

сәйкестік сертификаты

ойыншық болып табылмайтын және ойыншық арналған баланың ең төменгі жасын немесе баланың жасын білдіретін таңбалаудағы пиктограмманы қамтымайтын өнімді (бұйымдарды) қоспағанда, ойын жиынтықтарында немесе ойыншық ретінде пайдаланылатын

21. Үйде пайдалануға арналған әткеншектер

9401 52 000 0
9401 53 000 0
9401 59 000 0
9401 61 000 0
9401 69 000 0
9401 71 000 9
9401 79 000 9
9401 80 000 9

сәйкестік сертификаты

үйде пайдалануға арналған аспалы, едендік және өзге де әткеншектер

      Ескертпелер:
      1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын (сипаттамасын) және мақсатын (4-бағанда келтірілген ескертпелерді ескере отырып), сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН кодын (кодтарын) басшылыққа алу қажет.
      2. Ойыншықтар ретінде қарастырылмайтын және Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 008/2011) техникалық регламенті қолданылмайтын бұйымдардың тізбесі көрсетілген техникалық регламентке № 1 қосымшада келтірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады