Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 021/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:
а) мынадай мазмұндағы 32218 және 32219 позициялармен толықтырылсын:
"32218 | МЕМСТ 35038-2023 "Астық негізіндегі өнім. Талқан. Техникалық шарттар" | ||
32219 | МЕМСТ 35041-2023 "Астық негізіндегі өнім. Сумолок. Техникалық шарттар" |
";
б) 519 және 542 позициялар алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
Б. Сұлтанов |