2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8483 40 230 2, 8536 50 800 2 және 8545 20 000 1 кодтарымен сыныпталатын қол электр құралдарын өндіруге арналған жиынтықтауыштардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8483 40 230 2, 8536 50 800 2 және 8545 20 000 1 кодтары бар позициялардағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "69С)" сілтемесі "90С)" сілтемесімен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:
69С ескертпесінің күші жойылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 90С ескертпемен толықтырылсын:
"90С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының ставкасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 17 маусымдағы № 55 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.12.2029 дейін қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын тауарлардың тізбесіне және қол электр құралдарын өндіруге арналған ажыратқыштарға қатысты осындай баж ставкаларының мөлшеріне өзгеріс енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
