Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 17 маусымдағы № 54 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ерікті негізде қолданылуы нәтижесінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 17 маусымдағы
№ 54 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 7 ақпандағы № 21 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген ерікті негізде қолданылуы нәтижесінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:

      а) мынадай мазмұндағы 151 позициямен толықтырылсын:

      "

 
151


3.1.5 және 3.1.6-тармақтар
МЕМСТ 21205-2024 "Тағамдық қоспалар. Шарап қышқылы L(+) Е334. Техникалық талаптар"


      ";

      б) 16 позиция алып тасталсын;

      в) мынадай мазмұндағы 506 позициямен толықтырылсын:

      "

 
506


3.1.4 және 3.1.5-тармақтар
МЕМСТ 35048-2023 "Тағамдық қоспалар. Мұзды сірке қышқылы E260. Жалпы техникалық талаптар"


      ".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 775 позициямен толықтырылсын:

      "

 
775


МЕМСТ ISO 23443-2023 "Ерте жастағы балаларды қолдан қоректендіру үшін бейімделген қоспалар және ересектердің энтеральды тамақтануына арналған қоспалар. Қайтарымды-фазалық ультра жоғары тиімді сұйықтық хроматография (ҚФ-УЖТСХ) көмегімен b-каротинді, ликопинді және лютеинді анықтау"


      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады