Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 147-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету сертификаты туралы" 2023 жылғы 24 қазандағы № 151 шешімі мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 147-бабы 9-тармағының орындалуын қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процесті қолданысқа енгізу туралы өкімі күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыру кезінде, егер осындай сертификаттардың қолданылу мерзімі өтпеген болса, транзиттік декларацияның 52-графасының екінші кіші бөлімінде осы Шешіммен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету сертификатын толтыру тәртібінің 19-тармағында белгіленген схема бойынша 3-элементте сертификаттың 8 таңбалы реттік нөмірін "Р99ХХХХХ" форматта көрсете отырып, мұндағы ХХХХХ – көрсетілген Келісімге сәйкес ресімделген сертификаттың реттік нөмірі, осы сертификаттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді көрсету талабымен 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге сәйкес ресімделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету сертификаттарын (бұдан әрі – сертификаттар) пайдалануға жол беріледі.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
