Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары қабылдаған, Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерден ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу тәртібінің 11-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 45 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 27-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жығы 15 қарашадағы № 172 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің органдары қабылдаған, Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерден ақпаратты Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу тәртібінің 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Алдын ала шешімді кері қайтарып алған немесе осындай шешімнің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда бұл туралы ақпаратты тиісті кеден органы ресми сайттағы ақпаратты өзектендіру үшін осындай шешімді кері қайтарып алу немесе қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға автоматты режимде береді.".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады