Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 53 шешімімен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламенті талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесі мынадай мазмұндағы 27 және 28-позииялармен толықтырылсын:
"
27 | 4-қосымша 2, 5 және 8-баптар | МЕМСТ 35012-2023 "Тазартылмаған зығыр майы. Техникалық шарттар" | |
28 | МЕМСТ 35013-2023 "Мақсары майы. Техникалық шарттар" |
".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
