Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Аппеляциялық палатасының 2025 жылғы 17 наурыздағы шешімін орындау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 42 шешімі

      Жеке кәсіпкер Е.А. Курконың (бұдан әрі – ЖК Е.А. Курко) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың болуы туралы" 2024 жылғы 6 тамыздағы № 94 (бұдан әрі – № 94 шешім) шешіміне дау айтуы туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша шығарылған Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Аппеляциялық палатасының 2025 жылғы 17 наурыздағы шешімін орындау үшін, ЖК Е.А. Курко әрекеттерінің дауларды реттеудің сотқа дейінгі міндетті тәртібін сақтау шеңберінде кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алу үшін жалған ақпаратпен шағымдарды таратуға, "ТехноХимРеагентБел" жауапкершілігі шектеулі қоғамына залал келтіруге бағытталуына сенімді дәлелдердің болмауы туралы Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Аппеляциялық палатасының тұжырымдарын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ Соты Статутының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 2 қосымша) 111-тармағын және Еуразиялық экономикалық комииссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44-тармағын басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. № 94 Шешімнің 1-тармағының "б" және "в" тармақшаларының, 24-тармақтарының күші жойылсын.

      2. Істерді қарау тәртібінің 46-тармағының 1-тармақшасы негізінде ЖК Е.А. Куркоға қатысты істі қарау тоқтатылсын.

      3. Дәлелдемелік бөлімнен (№ 94 шешімге қосымша) істі қарау жөніндегі комиссияның ЖК Е.А. Курконың іс-әрекеттерінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 76-бабының 2-тармағының 1-тармақшасын бұзушылықтың болуы туралы тұжырымы алып тасталсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады