Иран Ислам Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2025 жылға арналған тарифтік квотаның көлемдерін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 11 наурыздағы № 27 шешімі

      2023 жылғы 25 желтоқсандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2.3-бабына, Келісімге 1-қосымшаның 1-секциясына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 35-бабына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 9 өкімімен бекітілген 2023 жылғы 25 желтоқсандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарының І бөлімінің 7-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 23 тапсырмасын орындау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Келісімге сәйкес Иран Ислам Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2025 жылға арналған тарифтік квоталардың (бұдан әрі – тарифтік квоталар) көлемдері № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Мыналар:

      осы Шешімнің № 1 қосымшасында көрсетілген тарифтік квоталар көлемдерінің шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензия болған кезде және Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталған кезде кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылады;

      тарифтік квоталар осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты қолданылады;

      осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тауарлар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізіледі;

      тауарларды осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталар көлемінен асатын мөлшерде әкелу кезінде немесе Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталмаған кезде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 1 шешіміне сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылады деп белгіленсін.

      3. Мүше мемлекеттер:

      осы Шешімге №1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушыларының арасында өз заңнамасына сәйкес бөлуді жүзеге асырсын;

      атқарушы биліктің уәкілетті органдарына осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тауарлардың импортына лицензиялар беруді жүзеге асыру тапсырылсын;

      кеден органдарына тоқсан сайын Еуразиялық экономикалық комиссияға осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тауарларды өз мемлекетінің аумағына әкелу көлемдері туралы ақпаратты № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну тапсырылсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Келісім күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 27 шешіміне
№1 ҚОСЫМША

2023 жылғы 25 желтоқсандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес Иран Ислам Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2025 жылға арналған тарифтік квоталардың КӨЛЕМДЕРІ

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тарифтік квоталардың көлемдері (тонна)

барлығы

Армения Республикасы

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Қырғыз Республикасы

Ресей Федерациясы

Үйде өсірілген тауықтардың еті мен қосалқы тағамдық өнімдері (Gallus domesticus), жас, салқындатылған немесе мұздатылған

0207 11 100 1, 0207 11 100 9, 0207 11 300 1, 0207 11 300 9, 0207 11 900 1, 0207 11 900 9, 0207 12 100 1, 0207 12 100 9, 0207 12 900 1, 0207 12 900 9, 0207 13 100 1, 0207 13 100 9, 0207 13 200 1, 0207 13 200 9, 0207 13 300 1, 0207 13 300 9, 0207 13 400 1, 0207 13 400 9, 0207 13 500 1, 0207 13 500 9, 0207 13 600 1, 0207 13 600 9, 0207 13 700 1, 0207 13 700 9, 0207 13 910 1, 0207 13 910 9, 0207 13 990 1, 0207 13 990 9, 0207 14 100 1, 0207 14 100 9,
0207 14 200 1, 0207 14 200 9, 0207 14 300 1, 0207 14 300 9, 0207 14 400 1, 0207 14 400 9, 0207 14 500 1, 0207 14 500 9, 0207 14 600 1, 0207 14 600 9, 0207 14 700 1, 0207 14 700 9, 0207 14 910 1, 0207 14 910 9, 0207 14 990 1, 0207 14 990 9

5 000

1 000

1 000

1 000

1 000

1 000

Жаңа піскен картоп немесе салқындатылған, тұқымдықтан басқа

0701 90 100 0, 0701 90 500 0, 0701 90 900 0

20 000

53

157

1 021

1

18 768

Жаңа піскен қызанақ немесе салқындатылған

0702 00 000 1, 0702 00 000 2,
0702 00 000 3, 0702 00 000 4,
0702 00 000 5, 0702 00 000 6,
0702 00 000 7, 0702 00 000 9

33 000

364

4 729

1 022

125

26 760

Жаңа піскен немесе салқындатылған Brassica тұқымдасына жататын қауданды қырыққабаттың, колрабидің, жапырақты қырыққабаттың және соларға ұқсас жеуге жарамды көкөністердің жекелеген түрлері

0704 90 100 1, 0704 90 100 9, 0704 90 800 0

15 000

388

1 445

182

26

12 959

Сәбіз және репа, жаңа піскен немесе салқындатылған

0706 10 000 1, 0706 10 000 9

10 000

257

64

13

1

9 665

Асхана қызылшасы, ешкі сақалы, тамырлы балдыркөк, шалғам және жаңа піскен немесе салқындатылған соларға ұқсас басқа да жеуге жарамды тамыр дақылдары

0706 90 100 0, 0706 90 300 0,
0706 90 900 1, 0706 90 900 9

10 000

54

1 224

106

7

8 609

Жаңа піскен немесе салқындатылған қияр мен корнишондар

0707 00 050 1, 0707 00 050 2,
0707 00 050 3, 0707 00 050 4,
0707 00 050 5, 0707 00 050 6,
0707 00 050 9, 0707 00 900 0

43 0000

1 791

1 127

2 404

280

37 398

Жаңа піскен алмалар

0808 10 100 0, 0808 10 800 1, 0808 10 800 2, 0808 10 800 3, 0808 10 800 5, 0808 10 800 6, 0808 10 800 7, 0808 10 800 8

140 000

8

20 000

0

2 044

117 948

Сіркесу немесе сірке қышқылын қоспай дайындалған немесе консервіленген өзге де қызанақтар

2002 90 110 0, 2002 90 190 0, 2002 90 310 0, 2002 90 390 0, 2002 90 910 0, 2002 90 990 0

20 000

365

188

2 920

108

16 419

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2025 жылғы 11 наурыздағы
№ 27 шешіміне
№2 ҚОСЫМША

      (нысан)

2023 жылғы 25 желтоқсандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес оларға қатысты тарифтік квоталар қолданылатын Иран Ислам Республикасынан шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкелу көлемдері туралы АҚПАРАТ ___жылғы___ тоқсан үшін

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тоқсан үшін деректер (айлар бойынша)


мөлшері
(тоннамен)

құны (мың АҚШ доллары)

Үйде өсірілген тауықтардың еті мен қосалқы тағамдық өнімдері (Gallus domesticus), жас, салқындатылған немесе мұздатылған

0207 11 100 1, 0207 11 100 9, 0207 11 300 1, 0207 11 300 9,
0207 11 900 1, 0207 11 900 9,

I ай



II ай



III ай




0207 12 100 1, 0207 12 100 9, 0207 12 900 1, 0207 12 900 9, 0207 13 100 1, 0207 13 100 9, 0207 13 200 1, 0207 13 200 9, 0207 13 300 1, 0207 13 300 9, 0207 13 400 1, 0207 13 400 9, 0207 13 500 1, 0207 13 500 9, 0207 13 600 1, 0207 13 600 9, 0207 13 700 1, 0207 13 700 9, 0207 13 910 1, 0207 13 910 9, 0207 13 990 1, 0207 13 990 9, 0207 14 100 1, 0207 14 100 9, 0207 14 200 1, 0207 14 200 9, 0207 14 300 1, 0207 14 300 9, 0207 14 400 1, 0207 14 400 9, 0207 14 500 1, 0207 14 500 9, 0207 14 600 1, 0207 14 600 9, 0207 14 700 1, 0207 14 700 9, 0207 14 910 1, 0207 14 910 9, 0207 14 990 1, 0207 14 990 9

тоқсан үшін жиыны



Жаңа піскен картоп немесе салқындатылған, тұқымдықтан басқа

0701 90 100 0, 0701 90 500 0, 0701 90 900 0

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін жиыны



Жаңа піскен қызанақ немесе салқындатылған

0702 00 000 1, 0702 00 000 2,
0702 00 000 3, 0702 00 000 4,
0702 00 000 5, 0702 00 000 6,
0702 00 000 7, 0702 00 000 9

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін жиыны



Жаңа піскен немесе салқындатылған Brassica тұқымдасына жататын қауданды қырыққабаттың, колрабидің, жапырақты қырыққабаттың және соларға ұқсас жеуге жарамды көкөністердің жекелеген түрлері

0704 90 100 1, 0704 90 100 9,
0704 90 800 0

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін жиыны



Сәбіз және репа, жаңа піскен немесе салқындатылған

0706 10 000 1, 0706 10 000 9

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін жиыны



Асхана қызылшасы, ешкі сақалы, тамырлы балдыркөк, шалғам және жаңа піскен немесе салқындатылған соларға ұқсас басқа да жеуге жарамды тамыр дақылдары

0706 90 100 0, 0706 90 300 0,
0706 90 900 1, 0706 90 900 9

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін жиыны



Жаңа піскен немесе салқындатылған қияр мен корнишондар

0707 00 050 1, 0707 00 050 2,
0707 00 050 3, 0707 00 050 4,
0707 00 050 5, 0707 00 050 6,
0707 00 050 9, 0707 00 900 0

I ай



II ай



III ай



итого за квартал



Жаңа піскен алмалар

0808 10 100 0, 0808 10 800 1, 0808 10 800 2, 0808 10 800 3, 0808 10 800 5, 0808 10 800 6,
0808 10 800 7, 0808 10 800 8

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін жиыны



Сіркесу немесе сірке қышқылын қоспай дайындалған немесе консервіленген өзге де қызанақтар

2002 90 110 0, 2002 90 190 0,
2002 90 310 0, 2002 90 390 0,
2002 90 910 0, 2002 90 990 0

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін жиыны




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады