Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 020/2011) техникалық регламентіне өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 4 наурыздағы № 24 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) парфюмерлік-косметикалық өнімдердің Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 009/2011) Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы" 2024 жылғы 29 қарашадағы № 114 шешімі күшіне енгенге дейін қабылданған Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 799 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 009/2011) техникалық регламентімен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растау туралы құжаттар олардың қолданысы аяқталғанға дейін жарамды болады;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 114 шешімі күшіне енген күнге дейін берілген, техникалық регламентте белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын парфюмерлік-косметикалық өнімді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 114 шешімі күшіне енген күннен бастап 60 ай ішінде жарамды болады;

      в) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген құжаттар болған кезде техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын парфюмерлік-косметикалық өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жол беріледі;

      г) осы тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген құжаттардың қолданылу кезеңінде айналымға шығарылған техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын парфюмерлік-косметикалық өнімнің айналымына оның жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 114 шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады